KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Шағын тікұшақ Семей қаласында құрастырыла бастады

12.06.2014, 18:00 162



Семейде жерге тік қонатын арнайы ұшақтарды шығаратын зауыт іске қосылды. Ол өз құрылымы жағынан тікұшақтарға ұқсайды. Әуе көлігінің бұл түрін шығарумен «Fly Эйр Азия» ЖШС айналысуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш кәсіпорын - польшалық компанияның ресми өкілі. Кәсіпорын енді ғана жұмысын бастағандықтан, әзірше жеті адам ғана жұмыс істеуде. Адамның аздығына қарамастан, істейтін жұмыс өте көлемді. Бүгінде екі шағын тікұшақ жинақталып қойылған. Оның қосалқы бөлшектері Польшадан жеткізілуде.

- Бұл тікұшақтар халық арасында «автожир» деген атпен белгілі, - дейді ұшқыш-механик Құрман Наубиджанов. - Әсіресе, таулы аймақтарда аса қолайлы. Ондай жерлерге өзге ұшақтар қона алмайды. Ал мына біз құрастырып отырған «автожирлер» үшін таулы жерлер аса қолайлы. Шағын тікұшақтар 30 градустық аязға төтеп бере алады. Сағатына 18-20 литр жанармай жағып, жылдам-дығын 210 шақырымға дейін жеткізе алады.

Семейде сондай-ақ, «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ ішінен полиэтиленді құбырлар жасайтын цех ашылды. Бұл цех шығаратын өнімдер экономиканың әр саласына қолданылады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, құбырлардың сапасы өте жоғары.

Мұнда ең соңғы үлгідегі технологиялар қолданылады. Төрт оператор барлық өндіріс жұмыстарын қадағалап отырады. Төрт ауысым бойынша 16 адам жұмыс істейді.

- Шпал зауытының өнімдері «жасыл экономика» үшін аса маңызды. Біздің өнім барлық мемле-кеттік стандарттарға сәйкес. Жақын аралықта арнайы ажыратылған құбырларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Оларға да еліміз бойынша сұраныс жетерлік, - дейді бас инженер Рымтай Сағындықов.

Раушан Нұғманбекова
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив