KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Марал шаруашылығының мамандары даярланады

10.06.2014, 18:00 335



Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде алдағы жаңа оқу жылынан бастап екі бірдей жаңа мамандық иелері даярланбақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бірі - балық шаруашылығының, екіншісі - марал шаруашылығының мамандары. 40 студент қабылданғалы отырған екі мамандыққа да мемлекеттік грант бөлініп отыр. Сабақ екі тілде оқытылады.

- Ауыл шаруашылық колледжі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің үш ғылым кандидатымен бізде ихтиолог мамандарды оқытуға келісімшарт жасап отыр. Марал шаруашылығы мамандарын даярлайтын мамандар өзімізде бар, қазір арнайы жабдықталған оқыту бөлмелерін ашып жатырмыз, жақын маңдағы марал өсіруші «Багратион» шаруа қожалығымен студенттерді тәжірибеден өткізуге келісімге отырдық. Колледж оқытушылары да облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Восток молоко», «Облыстық ветеринарлық зертхана» сияқты кәсіпорындар мен мекемелерде өз біліктіліктерін жетілдіруде, - дейді колледж директоры Фархат Құрманов.

Саратовка ауылындағы ауыл-шаруашылық колледжінің 150 адамға арналған жатақханасында алыс аудандардан келіп оқитын жастар үшін барлық жағдай жасалған.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив