Зубаир ауылының бұрынғы әкімінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты бос тұрған орынға конкурс жарияланған болатын. Сол орынға тілек білдіргендер арасынан таңдалынып алынған кандидатуралар бойынша жаңа әкімді сайлауды Бородулиха аудандық мәслихаты жұма күні өткізді.
Ауыл әкімін сайлауға түскен үміткерлердің ішінде Ойрат Сырлыбайұлы Есенжоловтың кандидатурасы аталған әкімшілік лауазымына лайықты деп табылып, бір ауыздан Зубаир ауылдық округінің әкімін сайланды.