KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Алтын өңдеудің тиімді тәсілін тапты

18.03.2014, 18:00 230



Шығыс кен-металлургия, түсті металдар ғылыми зерттеу институты (ВНИИЦВЕТМЕТ) қызметкерлері алтын өңдеудің тиімді тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Виктор Шумскийдің айтуынша, жаңа технология бойынша кен құрамындағы алтын бұрынғыдай цианид қосып ажырату жолымен емес, ас тұзы арқылы электролиздеу тәсілімен алынбақ. Дәстүрлі цианид қосып сілтілеу бойынша алтынның 70-75 пайызы ажыратылса, электролиздеуден оның көлемі 90-95 пайызға дейін көбеймек.

– Қазақстанда құрамында алтыны бар 287 қазба орны болса, соның 75-інде жұмыс жүріп жатыр. Әлемдегі алтын қорының 65 пайызы күрделі, нығыз құрамда орналасқан, ажырауы қиын. Қазіргі қолданыстағы цианидпен сілтілеу технологиясы экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуымен қоса, экологиялық жағынан да қауіпті. Жаңа өнертабыс Ресей мен Қазақстанда патенттелді. Енді өнеркәсіптік құрылғыларымызды әрі қарай жетілдіріп, өндіріске енгізудің жолдарын қарастырудамыз, – дейді институт директорының орынбасары.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив