KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Жаңа қазақ мектебі Өскеменде ашылады

18.03.2014, 18:00 142



Кеше ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемен қаласының 19-ықшамауданындағы бірқатар құрылыс нысандарында болып, ондағы жұмыс қарқынымен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қабырғалары бірсыпыра биіктікке бой созып қалған мың орындық қазақ мектебі құрылысымен «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС айналысуда екен. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, 2012 жылдың жазында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ал ШҚО әкімі ат басын тіреген келесі нысан – осы ықшамаудандағы қан орталығының жағдайы әзірше сол қалпы, сағызша созылған құрылыс жұмыстарының әлі де бітер түрі жоқ. Өңіріміздегі ең «сақалды» да даулы құрылыс нысандарының біріне айналған қан орталығына мердігер тоқтамауының салдарынан жұмыс қарқыны баяулап тұр. Қазір мұнда 25 адам жұмыс істеп жүр екен.

– Бұл іске нүкте қояр уақыт жетті ғой. Құрылыс жұмыстарын қашанғы созуға болады? Қан орталығын тездетіп пайдалануға берулеріңіз керек. Өз тарапымыздан қажет деген көмектің барлығын көрсететін боламыз. Бұл құрылысты биылдан қалдырмай, салып бітіріңіздер, – деген Бердібек Сапарбаев құзырлы органдарға бұл жөнінде тиісті тапсырмалар жүктеді.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив