KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Сәбит Дөнентаев шығармалшылығына арналған ашық сабақ өтті

13.03.2014, 18:00 258



11 наурыз күні Семей қаласы Шәкәрім университетінің филология факультетіндегі қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Әбікенов М.Т мен ФИ-311 топ студенттерінің ұйымдастыруымен белгілі қазақ ақыны, балалар жазушысы Сәбит Дөнентаевтың туылғанына 120 жыл толуына байланысты «Сәбит Дөнентаев шығармаларының тілі» атты ашық сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер ұйымдасқан түрде Сәбит Дөнентаевтың сүйегі жерленген жерге барып, жазушыны бір мәрте еске алды.

Сәбит Дөнентаев өзінің қысқа ғұмырында артына мол мұра тастап кеткен жазушы. Кеш барысында қаламгердің еңбектерін саралап, туындыларынан үзінділер көрсетіліп, монологтер оқылды.

Ашық сабақтың сәтті өтуіне ат салысқан студенттер мен оқытушылар қауымы кафедра меңгерушілері мен көрермендер көңілінен шығып, келесі жылы да дәстүрлі түрде бұл игі шараның жалғасын табуына сенімдерін білдірді.

Данагүл Байболова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив