KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ішкі істер қызметкерлерінің шығындарын мемлекет төлейтін болды

21.01.2014, 18:00 91


Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы қоғам арасында кеңінен талқыланып, қызу пікірталастар тудырған болатын. Осыған орай, аталмыш мәселелер жаңа редакциядағы заң жобасында арнайы 6-шы тараумен бекітіліп отыр. Үкімет депутаттардың бұл ұсынысына қолдау білдірген.

- Жаңа заң жобасымен ішкі істер органдарының қызметкерлері бірқатар әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, ішкі істер органдарының жекелеген қызметтерінің криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жедел-криминалистік қызметтер, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй жалдауына арнайы ақшалай өтемақы төлеу белгіленіп отыр, - дейді Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жұмыс бабымен орын ауыстырған кезде, қызметкер өзінің екі айлық жалақысы және өзімен бірге көшкен отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай жалақы мөлшерінде көтерме жәрдемақы алатын болады. Әуе көлігінен басқа, көліктермен жүру, дүние-мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу мәселес де қарастырылған.

Мәлімет көзі: Қаз Ақпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив