KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Зырян - бір тәуліктің ішінде қалың қардың астында қалды

21.01.2014, 18:00 226



Кеше Зырян қаласында айтарлықтай қар жауды. Бір тәуліктің ішінде, қапалақтай жауған ақ ұлпа 30 сантиметрге дейін қалыңдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО, Зырян қаласы гидрометеорология орталығының кезекші синоптиктерінің айтуынша, мұндағы 37 сантиметр қардың қалыңдығы 65-ке дейін көтерілген.

- 2012 жылы қардың қалыңдығы 120 сантиметрге дейін барған. Сондықтан мына жауған қар біз үшін сондай қорқынышты емес. Қазір қар көшкіні түсетін қауіпті аймақтардағы қардың қалыңдығын өлшеп жатырмыз, әзірге қауіптің алдын алу шараларын жүргізіп те қажеті жоқ,-дейді аудандық «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Юрий Мисков.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив