KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Науқас балаларға ертегі қойып берді өскемендік артистер

24.12.2013, 18:00 256



Облыстық Жамбыл атындағы драма театрдың қазақ труппасы Өскемендегі ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларға қуанышты кеш сыйлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Артистер «Шипа» атты қайырымдылық акциясының аясында балақайларға марқұм Рүстем Есдәулетов сахналаған «Ұр тоқпақ» ертегісін көрсетті.

Актерлер қауымының шеберліктеріне тәнті болған кішкентай көрермендер бір сәтке сырқаттарын ұмытып, жадырап қалды. Емдеу орталығында көңілдері жабырқап жатқан балалар мен олардың ата-аналары жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған қойылым үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

– Біздің мұндай шараны қолға алудағы мақсатымыз – ем-дом қабылдап жатқан балаларға аз да
болса дем беріп, қуаныш сыйлау, тезірек сауығып кетулеріне рухани тұрғыдан көмегімізді тигізу, –
дейді драма театрының артистері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив