KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

15.12.2013, 18:00 189



Бүгін Қазақстанда ең басты мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойлануда. 1991 жылғы 16-желтоқсанда Қазақ КСР-ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мереке қарсаңында өнер және мәдениет қайраткерлері, спорт саңлақтары, саясаткерлер мен басқа да еңбегі сіңген адамдар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде бұқаралық көңіл көтеру шаралары, мерекелік концерттер ұйымдастырылып жатыр.

16 және 17–желтоқсан Қазақстан Республикасында ұлттық мереке күндері болып саналады. Биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде төрт күн демалады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив