KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен белгісіз жүргізуші іздестірілуде

4.12.2013, 18:00 206


Өскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен белгісіз жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Студгородок ауданында 4-желтоқсанда кешкі сағат 18-20 аралығында орын алған. Белгісіз жүргізуші Серікбаев көшесінің бойында 22 жастағы жігітті қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен жаяу жүргінші бас жарақаты және басқа да жарпалармен дер кезінде ауруханаға жеткізілген.

Облыстық әкімшілік полициясының басқармасы осы апатты көргендер немесе қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефондарға хабарласуды сұрайды: : 77-70-81, 77-60-05 немесе 77-46-76 іздестіру бөлімі. Беймәлімділікке кепілдік беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив