KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Теміржолшылар аллеясы Шар қаласында ашылды

2.12.2013, 18:00 221


Бүгін, 3-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Шар қаласында теміржолшылар аллеясы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Теміржолшылар аллеясының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы «Локомотив» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Марат Шакенов, Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарханов, теміржолшы ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Аллея теміржол саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсету, олардың қажырлы еңбектерін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ашылып отыр.

Тораптық станса саналатын Шар қаласында теміржолға қызмет көрсететін бірнеше кәсіпорын орналасқан. Шар өңірінің теміржолшылары әр кезеңде ерен еңбектің үлгісін танытқан даңқты әріптестерімен мақтана алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив