KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Оқудың ақысы неліктен қымбаттап кетті?

19.10.2013, 18:00 225


– Менің туысқан қарындасым шетел азаматшасы Хыстаухан Алмагүл С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып жатыр. Былтырға дейін әке-шешесі жоқ (қайтыс болған) жетім студент ретінде жа-тақханадан тегін бөлме мен шәкіртақы алып келген. Алайда, биыл ондай жеңілдіктер қарастырылмаған екен. Оның үстіне биылдан бастап оқу ақысы қымбаттап кетті (бұрын 73 мың теңге болса, биыл 150 мың теңге). Қарындасым 4-курста оқиды. Оқу ақысы неліктен қымбаттағанын және университеттен қандай көмек берілетінін білгім келеді.

К.Жамай
Шығыс ауылы, Өскемен.


Сауалға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С. Оразалин жауап береді:

-Моңғолиядан келген 3-4 курс студенттері үшін оқу ақысы 2012-2013 оқу жылында 73 500 теңге болды. Пайыздық көрсеткіш негізінде алар болсақ, білім беру қызметтерінің 22 пайызын келісімшарт негізінде оқитын студент төлесе, қалған 78 пайызына университет төлем жасады. Ол 258 мың теңгені құрады.

Жоғарыда аталған жайттар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 62-бабына сәйкес келмейді. Сол себепті университет Моңғолиядан келген 3-4 курс студенттеріне жоғарыда аталған заңға сәйкес 45 пайыз көлемде (150 мың теңге) төлеуге шешім қабылдады.

Биыл аса ерекше жағдайлар болмаса, жетім балаларға жатақханадан тегін бөлме мен шәкіртақы тағайындау қарастырылмаған.

Дәурен Аллабергенұлы


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив