KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Үлкен Нарынның сахнасында - үлкен балет

16.10.2013, 18:00 160


Катонқарағай ауданы орталығындағы Мәдениет үйінің сахнасында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Болат Аюхановтың балет труппасы өнер көрсетті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әртістерді Алтайдың етегіне бастап келген, Катонқарағай ауданының тумасы Естай Кешілбаев жерлестеріне ұмытылмас балет кешін сыйлады.

Кәсіби өнерпаздар ауыл сахнасының төрінде өз репертуарларындағы шоқтығы биік туындыларды орындады. Оралхан Бөкейдің «Кербұғы», Шыңғыс Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлты», Сергей Прокофьевтің «Скифы» сияқты қойылымдар көрермендер тарапынан үлкен қошеметке ие болды. Одан басқа әлемдік деңгейдегі «Мастер және Маргарита», «Ромео мен Джульетта», «Аққулы көл», «Кармен», «Болеро» сияқты классикалық туындылар көрермендер назарына ұсынылды.

Ауыл көрермендері үшін таңсық болса да, балет құдіреті үлкеннарындықтарды бейжай қалдырмады. Әрбір нөмірдің соңы ұзақ қошеметтерге ұласып, балет шеберлері халық сұрауы бойынша қайталай өнер көрсетті. Қойылым соңы үлкеннарындықтардың үлкен өнерге деген қошеметімен аяқталды. Халық өнерпаздарға тік тұрып қол соқты. «Бір жарым сағаттық концерттің қалай өте шыққанын байқамай қалдық» дейді көрермендер.

Дәл осындай бағдарламамен балет труппасы Катонқарағай ауылының мәдениет үйінде де өнер көрсетті.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив