KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Таңдаулы бес команда ширек финалда сайысады

15.10.2013, 18:00 223


Теміртау қаласында Қазақстан кубогы үшін әйелдер командалары арасында волейболдан өткен 21-ші іріктеу ойындары аяқталды. Өскеменнің «Шығыс-СвинецСтрой» командасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іріктеу кезеңіндегі бәсекеге жалпы жиыны он команда: Ұлттық лигадағы «Қарағанды» мен «Шығыс-СвинецСтрой», жоғарғы «А» дивизионнан «Қостанай» және «Спартак АМТ», жоғарғы «Б» дивизионынан «Қарағанды-2», «Қуаныш и К», «Жетісу-2», «Дворец школьников», «Астана-2», сондай-ақ, таяуда ғана шеберлер командалары қатарына қосылған Теміртаудың «Металлург АМТ» спорттық ұжымдары қатысып, екі топқа бөлініп, шаршы алаңда сайысқа түсті.

«ШығысСвинецСтрой» волейболшылары «Б» тобында «Спартак АМТ», «Қостанай», «Қарағанды-2», «Жетісу-2» командаларын 3:0 есептерімен ұтып, мықтылығын дәлелдеп, көш басына көтерілді. Өскемендік ойыншылар жоғарғы «А» лигасының 2012-2013 маусымында жеңімпаз атанып, бір жылдан кейін ұлттық лига командалары қатарына қайта қосылған болатын.

Турнир нәтижесінде таңдаулы бес команда ширек финалға шықты. Әр топтан үздік екі ұжым жарысты жалғастыру жолдамасына бірден ие болса, үшінші орын алған екі команда бесінші жолдаманы иелену үшін сайысқа түсті. Солтүстікқазақсандық «Қуаныш и К» мен «Қарағанды-2» арасындағы бәсекеде әуелгі команданың мерейі үстем болды.

Осылайша Қарағандыда қазанның 15-нен бастап 24-не дейін жалғасатын ширек финалдық турнирге «Астана», «Иртыш-Қазхром» (Павлодар), «Алматы», «Қарағанды», «Шығыс-СвинецСтрой» (Өскемен), «Қостанай», «Металлург АМТ» (Теміртау), «Қуаныш и К» (Солтүстік Қазақстан облысы) қатысады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив