KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

Өскеменде құс етін терең өңдеу бойынша зауыт ашылды

13.10.2013, 18:00 155


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков Шығыс-Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында құс етін терең өңдейтін «Айтас-МП» ЖШС зауытының ашылуында болды.

Зауыт құрылысының инвестициялық көлемі – 1,779 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке қаржы 608,8 млн. теңге, 1170,2 млн. теңге – екінші деңгейлі банктерден алынған заем.

Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 мың тонна өнім. Өндірілетін өнім ассортименті – 150 түр, сондай-ақ құс етінің өнімдері және қызыл ет, шұжық өнімдері, деликатестермен жартылай фабрикаттар. Жұмыс орнының саны - 400.
Жалпы, ет өндірісінің көлемі еліміздегі өндіріліп жатқан азық-түлік көлемінің 14% құрайды. Ет нарығының сыйымдылығы 1,2 млн. теңге.

Еліміздегі ет өңдеу кәсіпорындарымен 2012 жылы 264 мың тонна ет қайта өңделіп, оның өндірістегі жалпы көлемі 28% болды. Бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 38,3 мың тоннаға көп (24%).

2012 жылы еттің және ет өнімдерінің экспорттық көлемі 3,7 мың тоннаны құрады.

Агробизнес – 2020 шеңберінде әзірленген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту бойынша Шебер-жоспарда етті қайта өңдеу саласы басымды болып келеді.

Шебер-жоспар шеңберінде етті дайындау көлемін ұлғайту дайындау механизмін ыңтайландыру арқылы жүргізу жоспарланып отыр. Бұл өндіріс қуаттылығын тиімді қолдануға сеп болмақ.

Сондай-ақ, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаңа ет комбинаттарын құру және қолданыстағы қуаттылықты модернизациялау арқылы жоғарлату қарастырылуда.

Мұнымен қоса, осы саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарлату үшін Министрлікпен кәсіпкерлерді қолдау механизмдері әзірленді:
- Техника мен арнайы көлікке, құрал-жабдықтарға кеткен шығындарды жобаның жалпы құнының 30% көлемінде инвестициялық субсидиялау;
- айналым қаражатын толықтыру, қажетті техникам мен жабдықтарды алу, құрылыстық-монтаждық жұмыстарға, кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын жеті жылға дейінгі несиеде 7% мөлшерлемеде субсидиялау.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 29,7 млрд. теңге көлемінде субсидияның бөлінуі жоспарланып отыр.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив