KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Мәдени керуеннің сапары жалғасып келеді

8.10.2013, 18:00 73


Көкпекті ауданындағы Миролюбовка ауылына аулан орталығынан тұрғындарға қызмет көрсететін, оларды ән-жырға бөлейтін «керуен» келіп жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қызмет көрсету орталығы ауылдықтарға бизнесті бастау үшін қажетті, басқа да салаларға қатысты құжаттарды қалай рәсімдеу туралы кеңестер беріп, кейбір жағдайларға практикалық көмек көрсетті.

Дәрігерлер, әртүрлі ведомстволардың жетекшілері, құқық қорғау орындарының мамандары азаматтарды қабылдап, кеңес жүргізді. Ауыл жастары тарапынан ауданда жуықта ғана құрылған жастар орталығына да көптеген сұрақтар қойылды. Әртүрлі тақырыптарға көпжақты әңгіме өрбіді.

Ал ауыл тұрғындары , еңбек және оқушылар ұжымдары өз шығармашылықтарының көрмесін ұйымдастырды. Аудан орталығынан қонақтардың келуі тұрғындар үшін нағыз мерекеге айналды. Сонымен қатар нақты проблемаларды шешуге ықпал етті.

«Керуен» жаңа жоба болғанына қарамастан аудан өміріне мықтап еніп отыр. Миролюбовка осындай мәдени шара өткізілген алтыншы елді мекен. Жобаның мақсаты – тұрғындармен үнемі байланыста болып, олардың проблемаларын шешуге көмектесу, сонымен қатар жергілікті жерлерде дәстүрлер мен мәдениетті сақтап қалу болып табылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив