KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

«Мен – полиглотпын» атты аудандық байқау өтті

29.09.2013, 18:00 175


Шемонайха ауданының мемлекеттік және өзге тілдерді оқыту орталығы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген білгірлердің арасында «Мен – полиглотпын» атты аудандық байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шара «Тілдердің ұштұғырлығы» ұлттық мәдени жобасын жүзеге асыру аясында қолға алынды.

Бұл байқауға Шемонайха колледжінің және гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Сайыс барысында полиглот студенттер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін әжептәуір меңгергендерін паш етті.

Мұндай іс-шаралар үш тілді білетін жастарды анықтауға, тіл мәдениетін қалыптастыруға, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға және басқа ұлттардың тілдерін құрметтеуге үйретеді, дейді мамандар.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив