KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Туризмді дамытудың жаңа жолдары

28.09.2013, 18:00 123


Туризмді дамытудың жаңа жолдары, қолда бар әлеуетті ұтымды пайдалану, инвестиция тарту – осы және өзге де салаға қатысты мәселелер кеше Өскеменде өткен мемлекеттік органдар мен өңірдегі туристік ұйымдар өкілдерінің кездесуінде талқыға түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев төрағалық еткен бұл жиынға Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев және Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев арнайы қатысты.

Жалпы, Шығыс өңірі туризмнің экологиялық, емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, жағажайлық және таушаңғылық бағыттарына басымдық беріп отыр, – деген Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстандағы туризм саласының қазіргі даму жағдайына кеңінен тоқталып өтті.

Мәжіліске қатысушылар Үкімет мүшелерімен бірге Шығысқа келетін туристер санын арттырудың тетіктерін қарастырып, қордаланған өткір мәселелерді қаузады.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив