KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына арналып тігілген ерекше тақия

22.09.2013, 18:00 196


Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына арналып ерекше тақия тігілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тақияның төбесі футбол добы сияқты жабылып, жиегі қазақша ою-өрнекпен безендірілген. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Күржикаевтың айтуынша, футбол тақиясының идеясын осы бөлімнің қызметкерлері ұсыныпты. Мерекеге арналып тігілген 200-ден астам бас киім негізінен құрметті қонақтарға сый-кәде ретінде тапсырылды.

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына арналып тігілген ерекше тақияСонымен қатар бұған дейін Семейдегі жаңартылған «Спартак» стадионының жанына бір жақ шетіне тақия кигізілген футбол добының мүсіні қойылған болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив