KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

Салықтан жалтарушылар саны Шығыс Қазақстанда артып отыр

18.09.2013, 18:00 53


Шығыс Қазақстанда кіріс салығы мен әлеуметтік салықтың көлемі кеміп кеткен. Ал аталмыш төлемдер жалпы салықтардың 60 пайызын құрайды. Сонымен қатар салықтан жалтарушылар қатары да көбеймесе, азаймаған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бюджетке түсетін салықтардың және өзге де міндетті төлемдердің көлемін арттыру мәселесіне арналған кезекті селекторлық кеңесте айтылды.

Жиында баяндама жасаған облыстық салық департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаевтың айтуына қарағанда, осы жылдың 8 айында облыс бойынша бюджетке 114 миллиард теңге шамасында салық түскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Әйтсе де, облыстың осы саладағы мүмкіндіктері, салық салуға болатын қосымша көздер то-лық көлемде пайдаланылмай келеді.

Сала жетекшісінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, облыс аумағында жұмыс істеп жатқан бірқатар ірілі-ұсақты кәсіпорындар басқа облыстарда тіркеуде тұрғандықтан салықты да өзге өңірлерге төлейді.

Тағы бір түйткілді мәселе, қаржы, әділет, жер қатынастары, ішкі істер басқармаларынан және тағы да басқа ведомстволардан салық департаментіне мәліметтер кешіктіріліп, не болмаса толық емес көлемде беріледі. Бұл жайт та өз кезегінде жиналатын салықтың нақты көлеміне кері әсерін тигізетін көрінеді.

Облыстағы жалпы еңбекақы қорының ұлғаюына қарамастан жеке кіріс салығының кемуі де тиісті органдар жұмысының салғырттығын байқатады.

Салық мөлшерін көбейтудің бірден-бір жолы – мекемелер мен ұжымдардағы жалақы мөлшерін қадағалау және салық салынатын нысандардың барлығын, яғни, көліктерді, жылжымайтын мүліктерді, жер телімдерін, кәсіпорындарды толық тіркеуге алу. Алайда, осы ретте аудандар мен қалаларда көптеген нысандар ешбір тізімге алынбаған.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма-сының басшысы Елена Ясинская да бюджеттің кіріс бөлігін орындауға көптеген резервтердің бар екенін, көптеген қосымша салық салу нысандары тіркелмей жатқанын алға тартты. Басқарма басшысы жаңадан сайланған ауыл әкімдері алдында өздеріне тиесілі аумақтағы нысандарды барынша көбірек тіркеу міндеті де тұрғанын атап өтті.

– Сіздердің міндеттеріңіз – салық түсімі бойынша болжамды жоспарды бұлжытпай орындау. Ешқандай се-
бептер мен сылтаулар қабылдан-байды. Осы мәселеге қатысты он күннің ішінде арнайы жұмыс тобын құрып, жергілікті жерлерде семинарлар ұйымдастыру қажет. Қараша айында қорытынды жиналыс өткізіп, нәтижені қайта қарастырамыз, – деп түйіндеді аймақ басшысы.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив