KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекеме Бозанбайда салтанатты түрде ашылды

17.09.2013, 18:00 116


Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекеме салтанатты түрде ашылды. Емдеу мекемесіне 90 адам жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, ғимаратты қайта жөндеу жұмыстарына 450 млн. теңге жұмсалыпты. Н.Сақтағанов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан емдеу мекемесіне үлкен тоңазытқыш сыйлады.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ольга Кузовлева Бозанбай ауылының ерекше күтімге мұқтаж екі тұрғынына жолдама берді.

–Облыс бойынша дәрігерлік -әлеуметтік мекемеге жатуға 300 адам кезекте тұр, – деп атап өтті Ольга Григорьевна. – Алайда біз Бозанбай ауылының тұрғындарына бұл жолдамаларды кезектен тыс бөліп отырмыз, өйткені мекеме осы жерде ашылды, біз алдағы уақытта да жергілікті билік өкілдерімен тығыз байланыс орнатамыз деп сенеміз.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерлік мекеменің директоры Қуаныш Қарсыбаев емделушілерге теледидар сыйлады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив