KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

«Жанұя - жанның шуағы» ән фестивалі отбасы мерекесіне арналды

8.09.2013, 18:00 158


Өткен демалыс күндері Өскеменде отбасы мерекесіне арналып өткізілген «Жанұя - жанның шуағы» атты ән фестивалінің жеңімпаздарын ШҚ облысы әкімінің өзі құттықтады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған мереке қонақтарды Ертістің сол жағалауында орналасқан этноауылда жинады.

– Мемлекет басшысы отбасы мәселелеріне қашан да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан «Неке мен отбасы туралы» Заңды қабылдаған мемлекеттердің бірі, жанұя мәселелерімен айналысатын арнайы комиссия құрылған. Елімізде жасалып жатқан барлық игі шаралар обасының беркітігіне бағытталған. Биылдан бастап жанұя бірлігін паш ету мақсатында жаңа мереке бекітілді. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бірлік-береке тілеймін, – деді Бердібек Сапарбаев өз құттықтауында.

Аймақ басшысы жеті бала тәрбиелеп өсірген өскемендік Зинаида Жантеміроваға «Алтын алқа» төс белгісін салтанатты түрде табыс етті.

«Жанұя - жанның шуағы» ән фестивалінің барлық қатысушылары өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың дипломдарымен марапатталды.

Сонымен қатар балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсеткен ата-аналар да аталып өтті.

Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетін болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив