KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1,7 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Семейде өз баласын өлтіруге тапсырыс берген әйелдің үстінен қозғалған қылмысты іске нүкте қойылды

5.09.2013, 18:00 123


Семей қаласында өз баласын 400 мың теңгеге өлтіруге тапсырыс берген әйелдің үстінен қозғалған қылмысты іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, анасының тапсырысымен өлтірілген 30 жастағы ер адамның денесін көктемде малшы тауып алған болатын.

Шешесінің айтысына қарғанда, ұлы үнемі есірткіге ақша сұрап, мазасын алған көрінеді. Баласынан әбден мезі болған 50 жастағы кәсіпкер әйел өзінің көңілдесіне киллер тауып беруді өтінген.
Сот барысында белгілі болғандай, байғұс жігітті екі адам қала сыртына алып шығып, ұрып-соққаннан кейін тұншықтырып өлтірген.

Мерт болған азаматтың әйелі мен бес жастағы ұлы қалды. Оның әйелі күйеуінің соңғы кезде есірткіні қойғанын, үлгілі отбасыға айналғанын айтады.

Сот тапсырыс берген әйелді 19 жылға, өгей әкесін 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Ал екі кісі өлтіруші 16 және 19 жылдарын ерекше тәртіптегі түзету колониясында өткізетін болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив