KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Жасөспірімдер хоккейіне барлық жағдай жасалатын болады

4.09.2013, 18:00 147


Өскемендегі Спорт сарайында ШҚ облысы әкімі «Қазцинк-Торпедо» командасының жаттықтырушыларымен, ойыншыларымен кездесіп, жаңа маусымға әзірліктері жайында әңгімелесті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімі хоккейді дамытудың келешегі үшін ең алдымен балалар мен жасөспірімдер хоккейіне тиісті жағдай жасау, дамыту керектігін атап өтті. Олардың материалдық жағдайы, хоккей корды, модулі, керек-жарақтары, хоккей мектебі мен білікті бапкерлері болуы тиіс.

Бүгіндері Өскемендегі олимпиада ізбасарларын даярлайтын облыстық балалар мен жасөспірімдердің екі шайбалы хоккей мектебінде жоғары білікті 34 жаттықтырушы жұмыс істеп жүр. Онда 720 жеткіншек хоккей өнерінің қыры мен сырын меңгеріп жатыр.

«Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің әкімшілік мәселелері бойынша вице-президенті Андрей Лазарев команданың жаңа маусымға дайындығы жөнінде айтып беріп, «Қазцинк-Торпедо» командасының жаңа бас бапкеріне, жаңаланған команданың ойыншыларына үлкен сенім артып отырғанын білдірді.
Андрей Лазарев команданың биылғы маусымдағы міндеті, қандай орын алатындығы жөнінде қойылатын дәстүрлі сұрақтардан гөрі, жаңа маусымда Өскемен хоккейін мұз айдынында айдынды, айбарлы қалпын-
да көргісі келетінін білдірді. Негізгі міндет – Өскемен хоккейінің және мектебінің даңқын қайта асқақтату. «Қазцинк» ЖШС хоккей клубын қаржыландыру деңгейін мүмкіндіктеріне қарай биыл бұрынғыдан да ұлғайта түскен.

Клуб облыстық олимпиада ізбасарларын даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ди-ректорлығы қызметіне лайықты маманды тауып, жаңа басшымен ортақ тіл табыса отырып жұмыс істемекші.
«Қазцинк-Торпедо» командасының бас бапкері Владимир Плющев маусым ашылар алдындағы әзірліктің қорытындысы туралы айтып берді. Хоккейшілердің жалпы дайындығы жақсы. Командаға бір топ жас ойыншылар қабылданды. Өскемен хоккей мектебінің түлектерімен де толықтырылды. Біріншілікке дайындықты күшейте түскен. Хоккейшілер Чехияда шеберліктерін шыңдады. Пермь және Курган қала-
ларында өткен халықаралық турнирлерге қатысты. Әрине, қарсыластар осал емес. Ойыншылар өздерінің бар
мүмкіндігін толық қолдану үшін жаттығу жиындарында тер төгуде. Қай бапкер болсын, мұз айдынына ойын-
шыларды тек жеңіске жету үшін шығаратыны белгілі, біздің команданың алға қойған мақсаты да осы бағытта болып отыр. Сол үшін тиімді, нәтижелі хоккей үшін барлығы бір кісідей болып, күш-жігерлерін жұмылдырмақшы.

Владимир Плющевтың айтуынша, команданың құрамындағы ойыншылардың 65 пайыздан астамы жергілікті хоккейшілер.

Андрей Лазарев осы екі хоккей мектебінің тәрбиеленушілері «Қазцинк-Торпедо» командасының өз ай-
дынындағы ойындарын тегін көрулеріне жағдай жасалғанын және қалалық білім бөлімімен бірлесіп, жаңа маусымда жаңа жоба әзірлегенін айтып берді. Сол жоба бойынша торпедолықтардың өз мұз айды-
нындағы жаттығу жиынын апта сайын кезектесіп, мектептердің оқушылары келіп көретін болады. Хоккейдің тартымдылығын балалар мінбердегі орындықтардан ғана емес, енді ойыншылармен тілдесіп сөйлесетіндей жа-қыннан көрмекші.

– Жастар командасының проблемасын да шешуіміз, ел чемпионаттарда көш соңында тұрақтап қалған «Қазцинк-Торпедо-2» атауы бар команданы ілгері жетелеп шығаруымыз керек. Бұл команда нағыз резервтік команда болуы тиіс, – деп облыс басшысы орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен республикалық хоккей федерациясы филиалының директоры Сергей Дроздовқа нақтылы тапсырма жүктеді.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив