KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Оқушылардың тамақтануына қосымша 30 минут үзіліс беріледі

4.09.2013, 18:00 122


Облыстағы шағын ауылдардың мектеп оқушыларына 30 минуттық артық үзіліс берілмек. Бұл балаларға үйлеріне барып тамақтанып алуы үшін жасалған мүмкіндік, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Альтернативті тамақтану» деген ресми атауға ие жарты сағаттық демалыс өңірдегі 83 шағын комплек-тілі мектепте жүзеге асырылмақ. Облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиевтің айтуынша, бала саны өте аз білім ошақтарында асхана немесе буфет сияқты тамақтану орындары жұмыс істемейді.

Ал арнайы ас ішетін бөлмемен қамтылмаған мектептерде балаларды ауқаттандыруға рұқсат берілмейді. Сондықтан білім саласының басшылары осындай қадамға барып отыр. Бұл бір жағынан тиімді де, өйткені шағын комплектілі мектептер сәйкесінше шағын ауылдарда ғана бар. Ендеше оқушының үйіне жүгіріп барып, жү-
рек жалғап алуына 30 минут артығымен жеткілікті дейді мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив