KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Семей Мемлекеттік медицина университетіне - 60 жыл

28.08.2013, 18:00 210


Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің 60-жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Мерейтойға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының және Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақ тағамтану Академиясы және Профилактикалық медицина Академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов арнайы қатысты. Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің ректоры Төлебай Рақыпбеков Төрегелді Шарманұлына мерейтой төсбелгісін табыс етті.

Семей  Мемлекеттік медицина университетіне - 60 жылСемей қаласының әкімі Айбек Кәрімов медицина университетінің студенттері мен ардагерлерін мерейтоймен құттықтай отырып, аталған жоғарғы оқу орнының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің әлемнің алдыңғы қатарлы, дамыған медициналық оқу орындарымен тікелей байланыс орнатып, тәжірибе алмасуы мақтан тұтарлық жайт.

Жиын барысында медицина қызметкерлері «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», университеттің «Мерейтой төсбелгісі», «Абзал жан», «Құрметті түлек» төсбелгілерімен мараптталды. Жапония, Финляндия, Ресей және Қырғызстаннан келген ғалымдар өз құттықтауларын жеткізді. Салтанатты жиын мерекелі концертпен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив