KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Монғолиядан жалған құжатпен енгізілген 169 автокөлік анықталды

20.08.2013, 18:00 244


ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына Монғолиядан 169 автокөлікті жалған құжаттарды пайдалана отырып контрабандалық жолмен әкелу фактісін анықтады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.


«Контрабандалық жолмен әкелінген автокөлік құралдарының кедендік құны 259 457 723 теңгені құрайды. Мемлекетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түріндегі келтірген залал сомасы 391 082 168 теңгені құрады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Контрабандаға қарсы күрес басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды контрабандамен әкелудің аса ірі фактілерін әшкерелеген.

Мәселен, Жамбыл облысы бойынша КБД-ның «Қордай» және «Қарасу» кеден бекеттерінде Түркиядан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қырғыз Республикасына «жалған транзит» қылмыстық схемасын пайдалана отырып, ХТТ экономикалық контрабандасының 16 фактісі тіркеліпті.

Мемлекетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түріндегі келтірген залал сомасы 73 178 791 теңгені құрады.
Баспасөз парағында көрсетілгендей, жыл басынан Қазақстан Республикасының кеден органдары автокөлік құралдарын контрабандалық жолмен әкелу фактілері бойынша 144 қылмыстық іс және «жалған транзит» бойынша 17 қылмыстық іс қозғады, заңсыз айналымнан 114 кг 749 гр әртүрлі есірткі заттар алынды, оның ішінде 38 кг 184 гр героин бар.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив