KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Аймақтардың республикалық қазынадан тәуелсіздік деңгейі артып келеді

18.08.2013, 18:00 86


Аймақтардың республикалық қазынадан тәуелсіздік деңгейі артып келеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджеттің қоржынына түскен салық төлемдері 38,7 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2 пайызға артық, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ranking.kz мәліметтері бойынша республикадағы ең автономды бюджет бұрынғысынша Атырау облысынікі. Бұл өңірдің қоржынының 84,1 пайызын салық төлемдері құрайды.

Алматы қаласы да жергілікті экономиканы өздері қаржыландыру мәселесінде ілгерілегені байқалады. Қала бюджетінің 74,5 пайызы салықтардың үлесінде.

Жалпы алғанда еліміздің 11 аймағында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінде салықтардың үлесі артқаны байқалады.
Бұл көрсеткіште Шығыс Қазақстан облысы 11-орында тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив