KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
478.54 533.76 5.17

18-тамызда Өскемен қаласында иттердің думаны өтеді

15.08.2013, 18:00 127


18-тамызда Өскемен қаласында ит спортының жарыстары ұйымдастырылады. Сайыстар Октябрь құрылығында сағат 10-00-де басталады деп жоспарланған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстардың ашылу салтанатынан кейін жеті қазынаның бірі болып саналатын иттер 2 шақырымдық байкжорингте, 500 метрлік каникросста төзімділіктерін сынайды. Бағдарламада сонымен қатар иттер думаны қарастырылған. Онда төрт аяқты мақұлықтар кедергілерді алу, дауысты тыңдау сияқты өнерлерін көрсетеді. Балалар байқауында жануарлар балақайлардың күтушісі рөлін ойнайды.

Жарыс соңында жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, қатысушылар дипломдармен марапатталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив