KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Жол полициясы жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

14.08.2013, 18:00 119


Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы 14 жастағы жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіреді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жол полициясында хабарлағандай, 2013 жылдың 7 шілдесінде 16 сағат мөлшерінде Өскемен қаласы Согринская көшесінде 138 үйдің маңайында белгісіз қара түсті ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі 14-жасар велосипедшіні қағып кетті. Соның салдарынан ашық түсті бриджідегі және жені ұзын сарғылт-жасыл майкадағы ер бала жараланды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жоғарыда баяндалған оқиға жөнінде қандайда ақпарат болатын болса, тұрғындар жол полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондары немесе 77-46-76 телефоны арқылы іздеу бөліміне хабарласуларына болады. Беймәлімділікке кепілдік беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив