KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Үміттіктер "Қонақ отбасы" бағдарламасы бойынша Аягөз ауданында дем алады

13.08.2013, 18:00 316


15-25 тамыз күндері Аягөз ауданы әкімі Н.Нұрғалиев "Қонақ отбасы" бағдарламасы бойынша «Үміт» балалар үйінің 25 тәрбиеленушілерін 10 күнге қамқорлығына алады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қонақ отбасы – жетімдерді орналастыру жолындағы аралық баспалдақ, кезең болып табылады.
Орналастырудың бұл түрі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жазғы демалыс кезінде отбасыларға уақытша тапсыруды көздейді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін 15-тамызда «Үміт» балалар үйінен Аягөз ауданы әкімдігінің өкілдері 2 арнайы автобус көлігімен Аягөз қаласына әкетеді.

«Үміт» балалар үйі тарапынан салтанатты шығарып салу рәсімі өтеді.

Сол күні сағат 18.00-де Аягөз қаласының орталық алаңында қамқорлыққа алынған балаларды Аягөз ауданының әкімі салтанатты түрде қарсы алады.

Балалардың «Қонақ отбасында» болатын күндерінің іс-шаралар жоспары жасалған.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетіміз тек ауылдарда ғана қаймағын бұзбастан сақталған. Сондықтан да балалар ауылда ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен, ауыл тұрмысымен танысады. Демалыстарын тау басы, табиғат аясында өткізеді.

«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші, үміттіктерді ауыл ақсақалдары, беделді азаматтар үйлеріне қонаққа шақырады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив