KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі футболшы Зинедин Зидан келеді

13.08.2013, 18:00 110


Семей қаласында өтетін Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі футболшы Зинедин Зидан келуі мүмкін. Қазір ШҚ облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасы қазір футболдың әлемдік жұлдызымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Семей қаласында 21-22-қыркүйек күндері өтетіні белгілі. Ауқымды мерейтойлық шараға мәскеулік «Спартак», алматылық «Қайрат», қазандық «Рубин», Тбилиси мен Киевтің «Динамо» командалары келеді деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық футболдың 100 жылдығына арналып мерейтойлық 350 медаль шығарылыпты. Күмістен құйылған естелік медальдар құрметті қонақтар мен футболдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив