KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Үржар ауылындағы мектеп құрылысының қарқыны баяу

12.08.2013, 18:00 157


Үржар ауылының орталығындағы 320 орындық мектеп ғимаратын «Остспецстрой» ЖШС салып жатыр. Алайда білім ордасының құрылыс қарқыны тым баяу, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Үржар ауданы әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында құрылыс қарқынына қанағаттанбайтындығын ашып айтты. Мердігер компания «Остспецстрой» ЖШС директоры Нұржан Байкеновтің айтуынша, құрылыс жұмысына 70 адам қабылданған. Ал бүгінге дейін жұмыстың 50 пайызы да атқарылмаған.

– Белгіленген мерзімде қажетті қаржыны игере алмаған мердігер компанияларды құрылысты межелі уақытта атқармағаны үшін жауапқа тарту керек, – дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.

Мемлекет қаржысын тиімді пайдалану, жауапкершілікті арттыру барлық құрылыс саласында жүрген компанияларға қатысты. Сондықтан, бұдан былай мұндай сорақылыққа жол берілмейді дейді комиссия мүшелері.

Берікхан Тайжігіт

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив