KZ
Өскемен
-30°
туман жел 1 м/с, СБ
449.88 486.64 4.83

Оралхан Бөкейдің есімін Өскемен қалалық орталық кітапханасына беру мәселесі қарастырылып жатыр

11.08.2013, 18:00 193


Көрнекті қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің есімін Өскемен қалалық орталық кітапханасына беру мәселесі қарастырылып жатыр. Осы кітапхананың алдына жазушының бюстін қою да жоспарда бар , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Қиқымовтың айтысына қарағанда, Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына байланысты негізгі шаралар Катонқарағай ауданында 12 қыркүйекте өтеді. Сол жерге республикамыздың түкпір-түкпірінен құрметті қонақтар шақырылып жатыр. Жазушының туған жері Шыңғыстайда ескерткіш бой көтереді. Ескерткіш ұлы тұлғаның туған күніне орай ашылады. Ескерткіш жазушының жерлестерінің, белгілі кәсіпкерлердің көмегімен салынды. Бір сөзбен айтқанда, халықтың қаражатымен салынды деуге болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив