KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Кеденшілер марихуана салынған сәлемдемені әшкереледі

5.08.2013, 18:00 118


Соңғы аптаның ішінде Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Алматы облыстарындағы аумақтық кеден органдары экономикалық контрабанданың 4 фактісін анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен аптада Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша барлығы 69 әкімшілік іс қозғалды, 4 352 862 теңге сомасында айыппұл өндіріліп алынды, сонымен қатар 11 қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ «жүк бөлімінде» «Алый» атты иісшіл иттің көмегімен Қарағанды – Самара (Ресей) бағытында жолданған жалпы салмағы 206,00 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты бар сәлемдемені анықтап, тәркіледі. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 250- бабы 2- бөлімінің «д» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері «Шарбақты» өткізу пунктінде салмағы 39,4 грамм «марихуана» есірткі заты контрабандасының фактісін анықтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив