KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Қасиетті Рамазан айында Семей тұрғындары қайырымдылық жасап жатыр

24.07.2013, 18:00 152


Қасиетті Рамазан айы басталысымен Семейдің кәрі-жасы Әнет баба атындағы орталық мешітке пітір садақасын беру үшін, уағыз тыңдап, тарауих намазына қатысу үшін ағылуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тарауих намазына келген жұртшылыққа жағдай жасауды ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Мақсат Алтыбай өзі тікелей бақылауына алған.

Орталық мешітке тарауих намазынан қайтқан көпшілікті үйлеріне жеткізіп салу мақсатында «Таксопарк» ЖШС-дан тегін автобустар шығарылды. Шығыс кентінің саяжайлары, Юность кенті, Дальный, Мирный тәрізді қаланың шеткері аудандарына қатынайтын көліктер көпшілікке тегін қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, Семей орталық мешіті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасиетті Рамазан айында Бородулиха аудандық мешітінің бас имамы Әріпжан Қожанұлы тұрмысы төмен көпбалалы отбасы Шарипа Байжарылғасинаны азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етіп, материалдық көмек көрсеткен.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив