KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Балалар үйлерінің балғындары Шығыс Қазақстанда бәсекеге түсті

23.07.2013, 18:00 196


Көкпекті ауылында Қ.Раев атындағы балалар үйінде Шығыс Қазақстан облысы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында ІІ жазғы облыстық спартакиада өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Балалар үйлері және интернат тәрбиеленушілері арасында денешынықтыру мен спортты бұқаралық дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыстарға Риддер, Шүлбі, Семей, Серебрянка, Көкпекті балалар үйлерінен 120 жас спортшы қатысты.

Жарыстар 1995-2001 жылы туылған балалар арасында спорттың Президенттік көпсайыс, армрестлинг, мини-футбол, үстел теннисі және дойбы түрлері бойынша өткізілді.

Үш күнге созылған қызу бәсекеге балғындар барын салды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Көкпекті балалар үйінің командасы бірінші, Риддер мен Шүлбі өкілдері тиісінше екінші және үшінші орындарды еншілеп, демеушілер тіккен қомақты сыйлықтарға ие болды.

Үлкен жарыстың өтуіне мұрындық болып, 22 жеңімпазға осыншама ұялы телефонды сыйға тартқан демеушілер – ағайынды Ақтаевтар, Т.Құсайынов, «Ырғызбай ата», «Қалисатарұлы», «Елім-ай» шаруа қожалықтары Білім министрлігінің, облыстық білім беру басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив