KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Керуен көше» қызықтары таусылмайды

9.07.2013, 18:00 100


Шығыс Қазақстанда бірнеше жыл қатарынан дәстүрлі «Керуен көше» акциясы өткізіліп келеді. Оның мақсаты шағын аудандардың тұрғындары үшін мәдени-көпшілік, спорттық, әлеуметтік іс шаралар ұйымдастыру болып табылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Курчатов қаласындағы Олимпиада және «Нұрлы көш» аудандарында осындай игі шаралар қолға алынды.

Конкурстық ойындар мен спорттың әр түрінен жарыстар, концерттік бағдарлама қалалықтардың көңілінен шықты. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мәдени шаралар кешкі уақыттарда өткізілген болатын.

"Мереке күндері қаланың орталығында өтетін бағдарламаларды тамашалауға да қолымыз тие бермейді. Ал осылайша өзіміздің шағын ауданда, жұмыстан кейін бір сергіп қалғанымызға қуаныштымыз" дейді мөлтек ауданның тұрғындары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив