KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Қазақстан барысы»- Өскеменде

2.07.2013, 18:00 278


Қазақстанның үздік балуаны екенін дүйім жұртқа дәлелдеп, «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаров мінген ұшақ бүгін, 3-шілде күні сағат 8-50-де Өскемен қаласына келіп қонады.

Әуежайда даңқты жерлесімізді жергілікті билік өкілдері, БАҚ және барша спортсүйер қауым қарсы алмақ. Дәл осы жерде Айбек Нұғымаров журналистерге де сұхбат беруге әзір.

Сағат 15-00де амфитеатр алаңында Айбек Нұғымаровты дәріптеу салтанаты өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Айбек – бүкіл елдің балуандары жиналып, бақ сынасқан «Қазақстан барысы» жекпе-жегінің жеңімпазы. Чемпионатқа 32 балуан қатысып, ішінен ірі шыққан Айбек жерлесміз «Тайтұяқ» жүлдені, автокөлік пен 150 мың АҚШ долларын қалтасына басып қайтты.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив