KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бесқарағай ауданында Астана қаласының 15 жылдығына орай іс-шаралар марафоны өтіп жатыр

1.07.2013, 18:00 193


Бесқарағай ауданында Астана қаласының 15 жылдығына орай 1-6 шілде аралығында әртүрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған болатын. Соған орай Глуховка ауылдық округінде ауыл жастары «Жастар кадрлық резерві», «Жасыл ел», «Құрылыс жасақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бесқарағай ауданында Астана қаласының 15 жылдығына орай іс-шаралар марафоны өтіп жатырБұдан соң ауылдық округтер арасында марафон эстафета бастау алды. Қолдарына Қазақстанның туын ұстаған марафоншы жастар эстафетаны Канонерка ауылдық округінің жастарына тапсырды. Канонерка ауылының ауылдық клубында «Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020» бағдарламасын түсіндіру және жазғы демалыс уақытында жұмысқа орналастыру бойынша жастар активі өткізілді.

Ал аудандық Мәдениет үйінің әртістері ауыл тұрғындарына мерекелік концерттерін ұсынып, ауылдастарына тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдағы күндері эстефетаны Кіші Владимировка мен Беген ауылдық округтерінің белсенділері жалғастыратын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив