KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Селекторлық кеңесте облыс әкімі Елбасының Шығысқа келген сапарын қорытындылап, нақты тапсырмалар берді

27.06.2013, 18:00 164


Шығысқа келген сапарында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақта атқарылып жатқан оңды істерге жоғары бағасын бере отырып, аймақ басшылығына бірқатар міндеттер жүктеген. Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейнережимде өткен селекторлық кеңесте осы міндеттерді орындау және өзге де мәселелерді шешу үшін жауапты орындарға нақты тапсырмалар берілді.

– Өздеріңіз білесіздер, Елбасы облысқа келгенде мұндағы жүзеге асырылєан істерді көріп, оз бағасын берді. Мемлекет басшысының міндеттеген тапсырмалары қалай орындалып жатқаны, жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мен бәрін баяндадым. Қазіргі уақытта өңірдің даму қарқыны жаман емес, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары тұрмыз, - деп сөзін бастаған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев алдымен Өскемен мен Семей қалаларындағы Президент аралаған нысандарды алдын ала дайындап, бәрін тиянақты ұйымдастыра білген қос шаһардың әкімдеріне, облыстық денсаулық сақтау, білім, өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармаларының басшыларына, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз еткен құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыс айтты.

Сонымен қатар облыс басшысы Елбасы атап көрсеткен бірсыпыра мәселелер бойынша тапсырма берді. Мәселен, денсаулық сақтау абсқармасына облыста төмендемей тұрған онкоаурулар мен туберкулез деңгейін төмендетуді жүктеді. Блім саласы бойынша балалардың сабақтан тыс кезіндегі уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, үйірмелер жұмыстарын үзбей жүргізуді тапсырды. Облыс орталығында ашылған Оқушылар сарайының демалыс, мереке күндері де жұмыс істеп тұру керектігін баса айтты. Шығыстан бастау алған «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының, түрлі үйірмелердің жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, тәрбиемен сусындатып, өнертапқыштыққа баулуға көңіл бөлінгені абзал.

Бұл шығармашылық үйірмелер жастардың бос жүріске салынбай, пайдалы іспен шұғылдануы арқасында қылмыс, тәртіпсіздік сияқты жат қылықтардан арылып, өмірден өз орнын табуға ықпал етеді. Облыс әкімі осы бағыттағы жұмысты барлық қалалар мен аудандар әкімдеріне қолға алуды міндеттеді. Сонымен қатар, Елбасы «жасыл экономика» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың келешегі кемел екенін айтты. Серпінді жоба демекші, ресми дерек бойынша, Индустрияландыру картасына бздің облыстан кірген 11 жобаның бәрі де 100 пайыздық қуатына шыққан екен.

Облыс басшысы Елбасыға екі ұсыныс білдірген екен. Бірі – Курчатов қаласына ғылым қаласы атағын беру болса, екіншісі, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев орынбасарларына қысқы жылыту маусымына даярлықты өз деңгейіне жүргізіп, биыл бітуге тиісті құрылыс ынсандарын 1 қазанға дейін тәмамдауды тапсырды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив