KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өскемендік оқушының жобасына ресейлік ғалымдар қызығып отыр

25.06.2013, 18:00 76


Өскемен қаласындағы көпбейінді №3 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Мадина Еркінованың «Экологиялық талаптарды ескере отырып, қаладағы көліктер ағынын математикалық жолмен модельдеу», яғни, «көшедегі көлік кептелістерін экологиялық талаптарды ескере отырып ширату» деп аталатын жобасы ресейлік ғалымдардың өзін таң қалдырып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы жобаны Мадина Ресейдегі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (ММУ) білікті ғалымдардың алдында сәтті қорғап, халықаралық мамандардың жоғары бағасын алыпты.

Аталған жоғары оқу орнының ректоры Виктор Садовничий талантты қазақ қызының еңбегіне зор қызығушылық білдіріп, жобаны ары қарай бірлесіп жетілдіруге ұсыныс жасапты. Тіпті, ММУ-ға тегін оқуға шақырған екен.

Бірақ өзінің Отанын ерекше сүйіп, құрметтейтін Мадина мектепті бітірген соң Назарбаев университетіне оқуға түсуді армандап жүргенін айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив