KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Біздің ағай тамаша

25.06.2013, 18:00 238


Күршім ауданы Қалжыр ауылында халыққа мәдени қызмет көрсетіп, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген мәдениет қызметкерлер «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп «Отағасылар сайысы» атты демалыс кешін өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әрбір еңбек ұжымынан қатысқан азаматтар алдын ала берілген шарттар бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Д.Ғадылбеков, А.Мәзбаев, Қ.Тотаев, М.Байтеміров өнердің әр қырынан өздерін көрсете білді.

Ән салып, би билеп, қамшы өріп, дастарқан мәзірін де жайнатты. Кеспе жайып, кесте тігіп, шеберліктерін көрсеткен жігіттеріміз бір шумақ өлең құрастыруда да белсенділік байқатты.

Сегіз қырлы, бір сырлы отағасылардың өнеріне көрермен қауым тәнті болды. Кешке демеушілік білдірген «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымының жетекшісі Қ.Ғадылбеков түрлі аталым бойынша отағасыларды марапаттады. Кеш соңы ауыл өнерпаздарының ән шашуына ұласты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив