KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Қамқор» қарқынды даму жолын таңдайды

24.06.2013, 18:00 101


Алғашқыда алып тепловоздарды жөндеумен айналысқан «Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теміржол саласына жаңа технологиялар енгізілген тұста техникалық қызмет көрсетудің ықшамдалған жолына көшті. Мәселен, бұрын техникалық қызмет көрсету үшін тепловоздар үш ай сайын келіп тұрса, ендігі жерде жылына бір рет қана келетін болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа технологияның арқасында еңбек өнімділігі артып, қызмет бұрынғыдай қыруар жұмыс күшін қажет етпейтін деңгейге жетеді. Алайда серіктестік басшылығы еңбектен босап қалған мамандарды сыртқа теппей, қайта даярлаудан өткізіп, республикада алғаш рет вагон қақпақтарын жасайтын цех ашты.

«Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Асхат Ысқақов, алғашқыда қалай болар екен деген күдіктің маза бермегенін айтады. «Қол қорқақ, көз батыр» деген емес пе, басында бір ауысымда 11-12 қақпақты әрең жасасақ, қазір екі есеге ұлғайттық» дейді ол. Аталған цехтың өнімін негізгі пайдаланушы – Екібастұз қаласындағы вагон жасау зауыты.

Қазірдің өзінде Екібастұз қаласы екі мың тоғыз жүз дана қақпаққа тапсырыс беріп отырған көрінеді. Дегенмен, тұтас ұжым үшін бір ғана кәсіпорынның тапсырысына қарап отыру жеткіліксіз. Сондықтан цех ұжымы қала тұрғындарының сұранысы бойынша темір қақпа, әшекейлі темір қоршаулар жасау сынды қосымша қызметтер көрсетуге бейімделіп алған. Аталған цех биылдан бастап өңірлік Индустрияландыру картасына кірді. Яғни, алдағы уақытта серіктестік жаңа индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асырып, қызмет аясын кеңейтпек.

Цехтың өнімдеріне Өзбекстан тарапынан да тапсырыс түсіпті. Алдағы айларда «Қамқор» кәсіпорны вагон қақпақтарын алыс-жақын шетелдерге экспорттамақ.

Қадырбек Кәкімұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив