KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі бірқатар нысандарды аралады

24.06.2013, 18:00 145


Еліміздің Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Мемлекет басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарсы алып, Өскемендегі әлеуметтік-экономикалық маңызға ие бірқатар нысандарды аралатып көрсетті. Олардың жұмыстарымен жете таныстырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі бірқатар нысандарды араладыҰлт Көшбасшысы ең бірінші ат басын бұрған нысан ол – облыстық ана мен бала орталығы. Бұл жерде медицина мекемесінің ұжымымен кездесу өтіп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының хал-ахуалы туралы мәліметтер ұсынылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі бірқатар нысандарды араладыБұдан кейін Президент шахардағы 110 миллион теңгеге қайта жөндеуден өткізілген оқушылардың шығармашылық сарайын көрді. Мұнда Елбасыға республика бойынша Шығыста бірінші болып жұмыс істеп жатқан «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының, сондай-ақ «Дарын» білім беру орталығы мен «Робототехника» шығармашылық үйірмесінің техникалық модельдері таныстырылды. Оқушылар өздерінің инвестициялық жобалары туралы мағұлматтар берді. Мәселен, Өскемендегі №25 орта мектептің 5 сынып оқушысы Глеб Данилов «Баланың электронды ақшасы» жобасын таныстырса, көпбейінді №3 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Мадина Еркінова ресейлік салымдардың өзін танғалдырған «кґшедегі көлік кептелістерін ширату және көліктерден қоршаған ортаға тарайтын зиянды түтіндерді азайту» мақсатындағы жобасын телеэкран арқылы көрсетті. Бір көңіл аударатын жайт, осы жобасы үшін Мадинаны ресейлік мамандар Мәскеу мемлекеттік университетіне тегін оқуға шақырыпты. Бірақ патриот қыз мектепті бітірген сол Назарбаев университетіне оқуға түсуді армандап жүргенін тілге тиек етті.

- Бұл сарай өте керемет екен. Тіпті Астананың өзіндегі оқушылар сіздерге қызығушылықпен қарайды. Осы игілікті дұрыс пайдаланып, жазғы демалыс маусымында бос жүрмей шығармашылықпен айналысыңыздар, түрлі үйірмелерге қатысыңыздар. Ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалған мұнда. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік тілеймін, - деп құттықтау өзін арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен тәрбиенің ошағына айналған мекемеге үлкен бір автобусты сыйға тартты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі бірқатар нысандарды араладыАйта кету керек, оқушылардың шығармашылық сарайы Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында қайта жөндеуден өткізілген. Қосымша білім беру мекемесі бір мезетте 700 балаға дейін қамтыса, жалпы алғанда екі жарым мыңға жуық оқушыны түрлі үйірмелерге қабылдауға тлеу етті. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап мұнда жүзге жуық үйірме ашылады.

Елбасының Өскемендегі жұмыс сапары «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС-да жалғасын тапты. Мұнда Президент фотоэлектрикалық пластиналар мен ұяшықтар дайындау зауытының өндіріс цехында болып, «Қазатомпром» ұлттыќ компаниясының жобасы бойынша «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырєан жобаның тұсаукесеріне қатысты.

Бұдан кейін Президенттің жұмыс сапары Семей қаласында жалғасты.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив