KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде Ресейде жасалған «Ка-226Т» тікұшағының тұсаукесері өтті

13.06.2013, 18:00 164


Ресейде жаңадан жасалған «Ка-226Т» тікұшағының тұсаукесері Өскеменде өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жер дүниені жапырып жел соқтырып, дауысы күншілік жерге естілетін ескі тікұшақтарға қарағанда жаңа модель өте тыныш және жеңіл.

«Вертолеты России» холдингі өкілдерінің айтуынша, мұндай тікұшақтар тұрақсыз күн райына қарамай еркін ұша алады. Қатты аяздарға төтеп бере алатын техникалық жағдайы біздің өңірдің климатына арналып жасалған. Оны сақтау үшін арнайы ангардың да қажеті жоқ. Техника қысы-жазы әлемнің кез келген аймағында ұша алатын көрінеді.

– Ол 1000 келіге дейін кабина ішіндегі, 1100 келіге дейін сыртқы жүкті еркін көтеріп ұша алады. Тау жоталарындағы шағын алаңқайларға да қорықпай қона алады, – дейді тікұшақты жасаушылар.

Мұндай тікұшақ медицина, полиция, қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне таптырмас көмекші болар еді. Қазір «Вертолеты России» холдингі қазақстандық серіктестермен бірігіп Қазақстандағы тікұшақ өндірісін бастауға арналған жобаны да дайындап қойыпты.

Әзірге жобаға қаржы мәселесі қолбайлау болып тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив