KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Қоғамдық қордың білім гранттары әлеуметтік аз қорғалған түлектерге арналған

5.06.2013, 18:00 251


«Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» Қоғамдық қорының Білім беру гранттары бағдарламасының 2013 жылғы түлектеріне құрмет көрсету салтанаты өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл еліміздің оқу орындарында табысты білім алып шыққан 14 стипендиат Қордың білім беру гранттары бағдарламасының түлектері болып отыр.

Олардың ішінде бес түлек аз қорғалған отбасылардан шыққан балаларға арналған білім гранттары бағдарламасы бойынша, үшеуі балалар үйінің түлектеріне арналған білім гранттары бағдарламасы бойынша, сондай-ақ, алтауы мүгедек балаларға арналған бағдарлама бойынша білім алып шықты.

Марапаттау салтанатына еліміздің оқу орындарында жоғарғы білім алған стипендиаттар, Қордың құрылтайшылары – Ерлан Тәтішев және Еркін Тәтішев, Қордың Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері – Мұрат Әуезов, Төрегелді Шарманов, Қуат Домбай, серіктес университеттердің (ҚМЭБИ, ХБА, UIB, SDU, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), өкілдері, сондай-ақ, серіктес колледждердің басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен түлектердің ата-аналары қатысты.

Өзінің қызмет етіп келе жатқан жылдары ішінде «Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоры» Қоғамдық қоры өзінің бағдарламалық басымдықтарын белгілеп, балалардың кәсіби, тұлғалық әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жасауды жалғастыруда. Талантты әрі талапты жастарға қолдау көрсетуге бағытталған Білім беру гранттар бағдарламасы Қор қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Білім беру гранттарының бірінші бағдарламасы 2007 жылы, ал қалған екі бағдарлама 2008 жылы іске қосылды. 2011 және 2012 жылдарда Қорда бітірушілердің екі тобы болды. Қазіргі күні білім беру бағдарламасы шеңберінде Қордың 21 түлегі бар, биыл олардың қатарына 14 түлек қосылып отыр.


«Қор бағдарламаларының бірегейлігі Қордың тек лайықты білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ, шәкіртақы алушылардың жан-жақты дамуы мен кәсіби дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасауында болып табылады. Білім беру гранттары бүкіл оқу кезеңіндегі оқу ақысын төлеумен қоса, ай сайынғы шәкіртақымен, жатақханада тұру құнын және өзге қаладан келген стипендиаттарға жылына бір рет үйіне барып қайту жолының ақысын қамтамасыз етеді. Оқушылармен ұдайы өзара байланыста бола отырып, Қор олардың ең үздік сапалары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі», дейді қордың үйлестірушісі Әлия Сыланова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив