KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 10 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Декреттік жәрдемақылар қалай төленеді?

4.06.2013, 18:00 189


– Мен биыл декреттік демалысқа алғаш рет шықпақпын. Басқармада маман болып қызмет істеймін. Осыған орай декреттік демалысқа шығу жөнінде және оған төле-нетін жәрдемақылар туралы толық мәліметтер бер-сеңіздер екен?

Г.Ахмадиева
Аягөз қаласы.

Сауалға жауап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сайтын-дағы мәліметтер бойынша әзірленді:

– Қазақстан Республикасында 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігі, босануы мен аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының кез келген
аумағында жұмыс істейтін әйелдерге Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы-
на сәйкес, жүктілігі мен босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақ-тандыру қорының қаржысы есебінен әлеуметтік төлемдер төлеу жүргізіледі.

Ең бастысы, жұмыс беруші жеке әлеуметтік код бойынша қорға науқастық қағазын алғанға дейінгі 12 ай ішіндегі мерзімде ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды дұрыс және толық мөлшерде төлеуі қажет. Осы жағдайда әйелге лайықты әлеуметтік төлемдер сомасы тағайындалады. Оны тағайындау үшін тиісті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) бөлімшесіне өтініш беру қажет.

Баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін тиісті құжаттармен ЗТМО-қа барып, қордан бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем (ӘТбк) алуға ұсыныс беруге болады. Аталған әлеуметтік төлемдерге қоса, «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес, мем-лекеттік бюджет есебінен бала туылуына орай, бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив