KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Гараждарды тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті

3.06.2013, 18:00 158


ШҚ облысының орталығында көптен бері гараждарды тонаумен айналысып жүрген 24 жастағы жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері таксист болып жүрген жігіттің мамыр айынан бастап гараждарды тонаумен айналысқанын әшкереледі. Алғаш рет құқық қорғау орындарына телефон шалған ер адам ұры есіктегі құлыпты бұзып, «Лидер» бұрғысын алып кеткені туралы шағымданған, келген шығын 7 мың теңгені құраған. Келесі жолы 44 жастағы әйел де осындай жолмен гаражынан 55 мың теңгенің заттары жоғалғаны жайында арызданыпты.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қазір күдіктінің 5 ұрлыққа қатыстылығы дәлелденген. Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив